Абу-Дабидегі Grand Slam дзюдо турниріне 14 қазақстандық спортшы қатысады
28-30 қараша күндері Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан беделді Grand Slam турнирі өтеді. Бұл жарыста 53 елден 400-ден астам спортшы бағын сынайды. Қазақстанның намысын осы додада 14 дзюдошы қорғайды.
Әйелдер арасында келесі салмақ дәрежелерінде ел намысын қорғайтындар: Әбиба Әбужақынова (-48 кг), Бақыт Құсақбаева (-57 кг) және Эсмигүл Куюлова (-63 кг).
Ерлер сапында Қазақстан құрамасы: Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан (-60 кг), Нұрқанат Серікбаев пен Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг), Есет Қуанов (-73 кг), Азат Күмісбай мен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг), Ермахан Әнуарбеков (-90 кг), Марат Байкамұров пен Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Еламан Ерғалиев (+100 кг) атынан өнер көрсетеді.
Абу-Дабидегі Grand Slam турнирі қазақстандық дзюдошылар үшін әлем чемпионаттары мен Олимпиада алдындағы маңызды сын болмақ.
27–30 қарашада Ақтауда жасөспірімдер арасында дзюдо чемпионаты өтеді.