Қазақстанда Азия ойындары-2026-ны қай арналар тікелей көрсететіні белгілі болды
XX жазғы Азия ойындарын Қазақстанда қай телеарналар тікелей көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
XX жазғы Азия ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсететіні ресми түрде расталды.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді. Жарысқа Азияның 45 елінен спортшылар қатысады. Қазақстан додаға спорттың 35 түрінен шамамен 560-570 атлет апарады.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы ту ұстаушылары белгілі болған еді. Ашылу салтанатында еліміздің құрамасын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінің өкілі Сарвиноз Миркадирова бастап шығады.
Еске салайық, бұған дейінгі жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 10 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 11-орынға ие болған.