locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Республикасының таеквондо кубогы: Алматы командасы медальдік есепті

Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Қазақстан Республикасының таеквондо кубогы:  Алматы командасы медальдік есепті
ФОТО: Kazakhstan Taekwondo (WT) Federation

Ақтөбеде таеквондодан (WT) Қазақстан Республикасы Кубогының І кезеңі өтті.

Жарыс Жекпе-жек спорт сарайында ұйымдастырылып, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан келген 140 спортшы бақ сынады.

Екі күнге созылған бәсекеде ерлер мен әйелдер түрлі салмақ дәрежелерінде шеберліктерін көрсетіп, командалық есепке маңызды ұпайлар әкелді. Әр жекпе-жек жоғары деңгейде өтті, қатысушылар әр медаль үшін жанкештілікпен күресті.

Жалпыкомандалық есеп бойынша көшбасшы атанған Алматы қаласының командасы 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Атырау облысы 2 алтынмен екінші орынға жайғасса, Түркістан облысы 1 алтын, 2 күміс және 2 қоламен үздік үштікті түйіндеді.

Бұл кезең жас спортшылардың әлеуетін көрсетіп, алдағы бәсекелерге серпін берді. Келесі кезеңдерде тартыс одан әрі қызатыны анық.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie