Қазақстан Республикасының таеквондо (WT) Кубогының І кезеңі: Екінші жарыс күнінің нәтижелері
Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының таеквондо (WT) Кубогының І кезеңі аяқталды.
Жарыстың соңғы күнінде ерлер арасында 63 кг дейін, 80 кг дейін және 87 кг дейінгі салмақ дәрежелері, сондай-ақ әйелдер арасында 49 кг дейін және 57 кг дейінгі салмақ дәрежелері бойынша дода өтті.
Жекпе-жек спорт сарайында өткен турнирге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 140 спортшы қатысты.
Екінші жарыс күнінің нәтижелері:
Ерлер:
-63 кг
1 орын — Асқар Өтеген (Түркістан облысы)
2 орын — Абдулла Әбілқасым (Алматы)
3 орын — Елдос Ысқақ (Жамбыл облысы)
3 орын — Бектөре Оралханов (Алматы)
-80 кг
1 орын — Батырхан Төлеуғали (Шығыс Қазақстан облысы)
2 орын — Абдурахмон Марипов (Шымкент)
3 орын — Ергеш Бекасыл (Жамбыл облысы)
3 орын — Батырхан Кусетов (Алматы)
-87 кг
1 орын — Бейбарыс Қаблан (Алматы)
2 орын — Дінмұхаммед Расулиұлы (Маңғыстау облысы)
3 орын — Жандос Орынбек (Қызылорда облысы)
3 орын — Муслим Туралиев (Ақтөбе облысы)
Әйелдер:
-49 кг
1 орын — Айдана Кумартаева (Алматы)
2 орын — Нодира Ертаева (Шымкент)
3 орын — Рамина Таирова (Алматы)
3 орын — Тоғжан Өмірзақ (Қызылорда облысы)
-57 кг
1 орын — Мария Севостьянова (Атырау облысы)
2 орын — Альмира Қанат (Маңғыстау облысы)
3 орын — Жазира Исина (Ақтөбе облысы)
3 орын — Нұрай Қазнабек (Қызылорда облысы)