locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының Азия ойындары-2026 жеңіл атлетика құрамасы белгілі болды

XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: olympic.kz

Жапонияда өтетін XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жеңіл атлетикадан өнер көрсететін спортшыларының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

ҚР ҰОК хабарлағандай, Қазақстан құрамасының соңғы өтініміне 30 спортшы енді.

XX жазғы Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді. Жарысқа Азияның 45 елінен спортшылар қатысады. Қазақстан додаға спорттың 35 түрінен шамамен 560-570 атлет апарады.

Азия ойындары-2026-ға қатысатын Қазақстан құрамасының жеңіл атлетикадағы құрамы

Ерлер

  • Георгий Шейко (марафондық қашықтыққа спорттық жүріс);
  • Шедрак Кимутай (марафон);
  • Иван Иванов (ядро лақтыру);
  • Алексей Хлыстов (найза лақтыру);
  • Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру);
  • Максим Фроловский (5000 және 10 000 метрге жүгіру);
  • Андрей Соколов (400 метрге жүгіру, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Михаил Литвин (4×400 метр аралас эстафета);
  • Эльнор Мухитдинов (400 метрге жүгіру, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Вячеслав Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Ефим Тарасов (4×400 метр аралас эстафета).

Әйелдер

  • Ясмина Токсанбаева (марафондық қашықтыққа спорттық жүріс);
  • Кристина Морозова (жартылай марафондық қашықтыққа спорттық жүріс);
  • Эльмира Калимуллина (жартылай марафондық қашықтыққа спорттық жүріс);
  • Нора Джеруто (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 5000 метрге жүгіру);
  • Дейзи Джепкемей (5000 және 10 000 метрге жүгіру);
  • Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 метр эстафетасы, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Мария Шувалова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 метр эстафетасы, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Александра Залюбовская (4×400 метр эстафетасы, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Аяна Болатбекқызы (800 және 1500 метрге жүгіру);
  • Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);
  • Кристина Овчинникова (биіктікке секіру);
  • Мария Ефремова (үш қарғып секіру);
  • Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру);
  • Полина Иванова (сырықпен секіру);
  • Анна Черкашина (сырықпен секіру);
  • Алина Чистякова (жетісайыс);
  • Софья Киденко (4×400 метр эстафетасы, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Анна Шумило (4×400 метр эстафетасы, 4×400 метр аралас эстафета);
  • Милана Зубарева (4×400 метр эстафетасы, 4×400 метр аралас эстафета).

Бұған дейін Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы ту ұстаушылары белгілі болған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie