Қазақстан құрамасы Рабатта өтетін каратэден Премьер-лига кезеңіне қатысатын тізімді анықтады
30 мамыр мен 1 маусым аралығында Марокконың Рабат қаласында каратэден Премьер-лига турнирі өтеді. Бұл додада әлемнің 64 елінен келген 376 үздік спортшы шеберлік байқасады. Жыл қорытындысы бойынша ең үздік спортшыға Grand Winner арнайы сыйлығы табысталады.
Қазақстан құрамасы бұл мәртебелі турнирге келесі құраммен аттанады: Қайсар Алпысбай (67 кг), Олжас Алтынбек (67), Дидар Әмірәлі (67), Нұрқанат Әжіканов (75), Айжан Бакирова (61), София Берульцева (68+), Әсел Қанай (61), Никита Тарнакин (84), Дархан Тұмаралиев (60), Николь Ценгель (61), Гүлмира Өсенова (55), Данияр Юлдашев (84), Мөлдір Жанбырбай (50).
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан каратэшілері Ташкентте өткен Азия чемпионатында тамаша нәтижеге қол жеткізіп, Нұрқанат Әжіканов, Даяна Даренская және София Берульцева чемпион атанған болатын.