Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үшінші орынға тұрақтады
Бахрейн астанасы Манамада 2024 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшылары екі рет чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Сайыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. 87 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Любовь Ковальчук қос сайыс нәтижесі бойынша 263 килограмм (жұлқи көтеруде – 113 кг, серпе көтеруде – 150 кг) көтеріп, алтыншы орынға тұрақтады.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын екі алтын және бір күміс медальмен аяқтады. Чемпиондық атақты Нұрғиса Әділетұлы (96 кг дейінгі салмақ дәрежесінде) мен Артём Антропов (102 кг дейінгі салмақта) жеңіп алды. Ал күміс жүлдені Алексей Чуркин (81 кг дейінгі салмақта) иеленді.
Жалпы медаль саны бойынша есептелетін қорытынды кестеде Қазақстан үшінші орынға ие болды. Қазақстаннан жоғары орын алған елдер: Қытай (төрт алтын) және Солтүстік Корея (тоғыз алтын).
Хоккей
Бүгін 04:37
Теннис
Бүгін 04:00
Теннис
Бүгін 03:17