locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Басқа спорт түрлері
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Қазақстандық зілтемірші Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық зілтемірші Алексей Чуркин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Алексей Чуркин 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Екі жарыс түрінде зілтемірші 368 (164+204) келі көтерді. Бұл нәтиже оған күміс медаль әкелді. Жеңісті 371 (166+205) келі нәтижемен КХДР спортшысы Ри Чон Чон жеңді. Ал үшінші орын өзбекстандық Мухаммадқодир Тоштемировке бұйырды - 355 (165+190) келі.

Бұл салмақта тағы бір қазақстандық Александр Уваровтың бақ сынағанын да атап өтеміз. Ол бесінші болып жарысты аяқтады - 351 (160+191) келі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie