Қазақстан әйелдер гандбол құрамасы Ислам ынтымақтастық ойындарының финалында
Қыздарымыз жартылай финалда Ираннан басым түсті
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Olympic.kz
Қазақстан әйелдер гандбол командасы Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ойындарының финалына шықты. Жартылай финалда қыздар Иран командасын 28:25 есебімен жеңді.
Финалда Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі. Туркия командасы өз кезегінде жартылай финалда Өзбекстанды 39:22 есебімен жеңген болатын. Шешуші кездесу 21 қараша 2025 жылы, Қазақстан уақытымен 19:00-де өтеді.
Сонымен қатар, 19 қарашада Қазақстан командасы Токио қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиадада 13 медаль жеңіп алды.