Қазақстан командасы Сурдлимпиадада 13 медаль жеңіп алды
15–26 қарашада Токиода жазғы Сурдлимпиада ойындары өтіп жатыр. Әлемнің 81 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрі бойынша 209 медаль ойнатылмақ. Қазақстаннан 78 спортшы сегіз бағытта өнер көрсетуде.
Жарыстың алғашқы күндері Қазақстан командасы 13 медаль иеленді: алты алтын, екі күміс, бес қола. Басым көпшілігі сурдо дзюдодан болдыі: алтын медальді Хамзе Гулама, Шадияр Куандық, Еркебулан Канафин және Амина Файзулина жеңіп алса, күмісті Айдарбек Токтарбек, қола медальді Сабиржан Хапизов, Алтынбек Какитаев, Айым Жетписбаева мен Анна Карморова иеленді. Ерлер командалық сайыста бірінші орынға шықса, әйелдер екінші орынға жайғасты.
Сурдо жеңіл атлетика Фаина Мейрманова биіктен секіруде рекорд орнатып, 1,79 м нәтижеге жетті. Онсайыс бойынша Нурсултан Кульдеев 5725 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
17 қарашада Ислам ойындарында таеквондодан Бауыржан Хасенов шешуші кездесуде Марат Мавлоновтан жеңілді.