locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Азия чемпионатында Моңғолиядан ойсырай жеңілді

Басқа спорт түрлері
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Қазақстан Азия чемпионатында Моңғолиядан ойсырай жеңілді
ФОТО: vesti.kz

Таиландта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда жеңіліске ұшырады. Командалық жарыстың осы кезеңінде отандастарымыз Моңғолиямен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылды.

Қазақстан сапынан татамиге шыққандар: Акерке Рамазанова (70+ кг), Еламан Ералиев (90+ кг), Дана Абдирова (-57 кг) және Бақытжан Абдурахманов (-73 кг). Өкінішке қарай, бәрі де қарсыластарына есе жіберді.

Енді Қазақстан құрамасы жұбаныш белдесуінде Қырғызстан командасымен үшінші орынға таласады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Бангкокте (Таиланд) өткен дзюдодан Азия чемпионатының жекелей турнирін төрт қола медальмен аяқтаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie