locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Кейн «Алтын допты» қалай жеңіп алды: Бундеслига ағылшынның үздік голдарын көрсетті

Қазіргі дауыс беруде екінші орынға «Реал» клубының француз шабуылшысы Килиан Мбаппе жайғасты
Футбол
ФОТО: Getty Images

Мюнхендік «Бавария» клубының шабуылшысы Гарри Кейн 2025/26 маусымын жоғары деңгейде өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ағылшын футболшысының үздік сәттерінен құралған бейнежинақ Бундеслиганың әлеуметтік желілерінде жарияланды.

«Футбол тарихындағы ең үздік жеке маусымдардың бірі — ол спорттағы ең жоғары жеке марапатпен түйінделді! Гарри Кейннің 2025/26 маусымы тарихта қалады. 72 гол, жүлделер, нәтижелі пастар және маңызды матчтардағы жарқын ойындар — сандардың өзі бәрін айтып тұр!» — делінген лига жарияланымында.

Бундеслига жанкүйерлерге Кейннің маусымдағы үздік сәттерін тамашалап, өздеріне ұнаған эпизодты таңдауды ұсынды.

Кейннің жеңісі ағылшын футболының ұзаққа созылған күтуіне де нүкте қойды. «Алтын допты» алған Англияның соңғы өкілі 2001 жылы Майкл Оуэн болған еді. 25 жылдан кейін бұл марапат қайтадан ағылшын футболшысына бұйырды.

«Алтын доп» жүлдесін жыл сайын француздық France Football журналы күнтізбелік жылдың үздік футболшысына табыстайды. Қазіргі дауыс беруде екінші орынға «Реал» клубының француз ойыншысы Килиан Мбаппе ие болды. Үшінші орында — испаниялық Ламин Ямаль («Барселона»).

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie