locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ақтауда жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты өтеді

Жарысқа 17 облыс пен үш қаладан спортшылар қатысады
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
Ақтауда жасөспірімдер арасында дзюдодан ел чемпионаты өтеді
ФОТО: Kazakhstan Judo Team

27–30 қарашада Ақтауда жасөспірімдер арасында дзюдо чемпионаты өтеді.

27–30 қараша күндері Ақтау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады. Біріншілікке 2009–2010 жылдары туған дзюдошылар қатысады.

Турнир «Маңғыстау арена» спорт кешенінде өтеді. Төрт күн бойы еліміздің 17 облысы мен үш қаласынан келген жас татами шеберлері медаль үшін таласып, өз өнерлерін көрсетеді.

Чемпионаттың қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталып, олар 2026 жылғы халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.

Жарыс күн сайын сағат 9:00-де басталады. Кіру тегін, барлық жанкүйерлерді қарсы алуға дайын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie