Ұзақ үзілістен кейін Азат Мақсұм октоганға қайта шығуға дайын
Қазақстандық жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-дегі келісімшарт аясында төрт айқастың екеуін өткізді.
Спортшының өкілі Нураддин Садықов оның келесі жекпе-жегі туралы сұраққа жауап берді.
“Жарақатына байланысты ұзақ уақыт жекпе-жектен тыс қалды. Қазір біз UFC-ге дайын екенімізді хабарладық, енді тек қарсылас пен кездесу күнін күтіп отырмыз. Әзірге нақты дерек жоқ. Басты мақсат – кіммен болса да октагонға шығу”, – деп бөлісті Садықов sportnews.kz порталына берген сұқбатында.
Еске сала кетейік, Азат Мақсұм – қазақстандық промоушеннен тікелей UFC-ге шақырту алған алғашқы файтер. Бұрынғы OCTAGON чемпионы әлемнің ең беделді ұйымында екі жекпе-жек өткізіп, бірінде жеңіске жетіп, біреуінде ұтылған.
Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC ұйымынан түскен келісімшарттан бас тартты