Видео. Шон Брэди алғашқы раундта құлады: дивизионның вице-көшбасшысы сенсациялық түрде нокаутқа түсті
Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінің басты кардағы маңызды жекпе-жектердің бірі күтпеген нәтижемен аяқталды. Жартылай орта салмақтың алдыңғы қатарлы екі өкілі - рейтингтің екінші нөміріндегі америкалық Шон Брэди (18–1) мен әлі жеңілмеген эквадорлық файтер Майкл Моралес (18–0) октагонда жолықты.
Үш раундқа жоспарланған айқас күтпеген жерден ерте бітті. Алғашқы раундтың ортасында Моралес қарқынды шабуыл жасап, бірнеше дәл соққымен Брэдиге ауыр соққы берді. Нәтижесінде америкалық спортшы нокаутқа түсіп, жекпе-жек тоқтатылды. Бұл жеңіс Моралестің кәсіби мансабындағы 19-шы жеңісі болды.
Шон Брэди үшін бұл - мансабындағы екінші жеңіліс, сондай-ақ оның жоғары рейтингін ескерсек, ең ауыр әрі ең маңызды сәтсіздіктерінің бірі саналады.
Айта кетейік, бұған дейін осы дивизионның тағы бір топ-файтері - Леон Эдвардс те күтпеген нокаутқа тап болып, мансабындағы ең ауыр соққыны қабылдаған еді.