Видео. Мансабындағы ең ауыр соққы: Леон Эдвардс екінші раундта нокаутпен жеңілд
Жартылай орта салмақтағы ең тұрақты әрі техникалық шеберлігімен танылған файтерлердің бірі, бұрынғы чемпион Леон Эдвардс кәсіби мансабындағы ең ауыр және алғашқы «таза» нокаутпен жеңілді.
Бразилиялық Карлос Пратеспен (23–7) өткен жекпе-жекте британдық спортшы алғашқы минуттарда сенімді қимылдады. Алайда айқастың тағдырын екінші раунд шешті: Пратес қарсы соққыны мінсіз орындап, дәл әрі өткір соққысымее Эдвардсты есінен тандырды. Леон бір сәтте құлап түсті. Бұл жеңіс бразилиялық үшін жай ғана нәтиже емес – оның мансабындағы ең атаулы жетістіктердің бірі болды: Пратес өз рекордына 23-ші жеңісін жазды.
Айта кетейік, бұл сенсациялық нокаут жартылай орта салмақтағы күштер тепе-теңдігіне де әсер етті. Турнирге дейін Эдвардс рейтингте төртінші орында тұрған, оның алдында - әлі жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (19–0).