locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Хамитов Мәскеуде жеңіске жетті: қазақстандық ACBJJ 20 турнирінде Магомедовты тізе бүктірді

Қуат Хамитов бразилиялық джиу-джитсудан қызу өткен айқаста жеңіске жетті
ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Видео. Хамитов Мәскеуде жеңіске жетті: қазақстандық ACBJJ 20 турнирінде Магомедовты тізе бүктірді
ФОТО: kuat__khamitov инстаграм парақшасынан

Қазақстандық ММА спортшысы Қуат Хамитов (27-8-2) Мәскеуде өткен бразилиялық джиу-джитсудан ACBJJ 20 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Оның қарсыласы тәжірибелі ресейлік файтер Рашид Магомедов (26-6-1) болды.

Айқас өте тартысты өтіп, толық қашықтыққа созылды. Төрешілер ұпайды мұқият санады, нәтижесінде жеңіс қазақстандық Қуат Хамитовқа бөліп шешіммен берілді.

Айта кетейік, Хамитов соңғы жекпе-жегін биыл қазан айында Дубайда ММА ережелері бойынша өткізген. Сол кезде ACA промоушенінде ол ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) сенімді түрде жеңіп, төрешілердің бірауызды шешімімен басым түскен болатын.

ACBJJ 20 турнирінің басты оқиғасы UFC жеңіл салмақ рейтингінің бірінші нөмірі Арман Царукянның (23-3-0) қатысуымен өткен айқас болды. Оның қарсыласы Шешенстан тумасы, ACA гран-при жеңімпазы Мехди Байдулаев (18-2-0) еді. Царукян жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, «All Stars» титулын жеңіп алды және әлемнің үздік жеңіл салмақтағы файтерлерінің бірі екенін тағы да дәлелдеді.

Сондай-ақ Царукян Хамитовты көпшілік алдында орнына қойды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie