«Сенің атың мүлде болмады». Царукян Хамитовты көпшілік алдында орнына қойды
Арман Царукян мен Қуат Хамитов арасындағы сөз таласы Мәскеуде өтетін ACBJJ20 турнирі қарсаңында ең көп талқыланған оқиғалардың біріне айналды. Қазақстандық файтер бұған дейін UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингі көшбасшысының таңдауы болғанын, яғни қарсылас ретінде өзін немесе басқа жекпе-жекті таңдауға мүмкіндігі барын айтып өткен еді. Алайда, оның айтуынша, таңдау Шара Буллетке түскен.
Бұл мәлімдеме Арман Царукянның назарынан тыс қалмады. Ол көп созбай, барынша қатаң әрі нақты жауап берді.
«Сенің атың тіпті талқылау үстелінде болған жоқ. Мұндай нұсқа болуы мүмкін емес. Егер таңдау болса, мен сені жүз пайыз таңдар едім», - деді Царукян.
Осы сөздер арқылы Арман Хамитовпен жекпе-жекке қатысты ешқандай нақты келіссөз болмағанын ашық білдірді.
Айта кетейік, Мәскеудегі турнир аясында Қуат Хамитов ресейлік Рашид Магомедовпен октагонға шығады. Ал Арман Царукян кештің басты жекпе-жегіне қатысады - оның қарсыласы ACA ұйымының өкілі Мехди Байдулаев болмақ.