Видео. Бірінші раундтағы нокаут. Дамир Исмағұлов халықаралық аренаға айбынды оралды
Дамир Исмағұлов нокаутпен оралды
ФОТО: Getty images
Қазақстандық спортшы Дамир Исмағұлов жаңа лигада әсерлі өнер көрсетті. АҚШ-тың Майами қаласында өткен Karate Combat 57 турнирінде бұрынғы UFC жауынгері алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық Тайлер Хиллды айқын басымдықпен жеңді. Кездесу небәрі бірінші раундта-ақ аяқталып, Исмағұлов қарсыласын нокаутқа жіберді.
33 жастағы файтер үшін бұл айқас - халықаралық аренаға жарқын қайта оралу болды.
Бұған дейін, 27 мамыр күні Астанада өткен Alash Pride FC 108 турнирінде Исмағұлов бразилиялық Алан Патрикпен күш сынасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
ММА әлемінде 27 жеңіс пен 3 жеңілісі бар Исмағұлов 2018–2023 жылдары UFC ұйымында бақ сынап, өз салмағында ең тәртіпті әрі интеллектуалды спортшылардың бірі ретінде мойындалған.