Умар Нурмагомедов Двалишвилиден жеңілгеннен кейін алты айға жекпе-жектерден шеттетілді
ММА
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Умар Нурмагомедов (18-1) UFC 311 турнирінде чемпиондық жекпе-жекте Мераб Двалишвилиден (19-4) жеңілгеннен кейін 180 күнге жарыстардан шеттетілді.
Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы (CSAC) “сол қолының немесе сұқ саусағының сынуы мүмкін” деген себеппен Нурмагомедовты алты айға спорттан шеттету туралы мәлімдеме жасады. Боксшы денсаулығы туралы медициналық анықтама алған жағдайда шеттету мерзімін қысқарта алады.
Еске салайық, бұған дейін Умардың титулдық жекпе-жектің бірінші раундында қолын сындырып алғанымен, октагонда толық 25 минутты өткізгені хабарланған болатын.