locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

UFC-дегі үлкен өзгерістер: Махачев белбеуінен бас тартты, Топурия мен Оливейра чемпиондық үшін шайқасады

UFC-дегі үлкен өзгерістер: Махачев белбеуінен бас тартты, Топурия мен Оливейра чемпиондық үшін шайқасады
ФОТО: UFC

UFC президенті Дана Уайт бірнеше маңызды шешімдерді ресми түрде жариялады. Бұл өзгерістер алдағы айларда ұйымның титулдық дивизиондарына елеулі ықпал етпек.

Жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев өз белбеуінен бас тартып, жартылай орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді. Бұл дивизионда ол жаңа чемпион Джек Делла Маддаленаға қарсы жекпе-жек өткізеді. Қос спортшы да жекпе-жекке келісім берді, алайда нақты күні әзірге белгісіз.

Жеңіл салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін Илия Топурия мен Чарльз Оливейра таласады. Бұл кездесу 28 маусымда Лас-Вегаста өтетін UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегі болады. Халықаралық файт-апта аясында өтетін турнирде Алешандре Пантожа да титулын қорғайды - ол жеңіл салмақта Кай Кара-Франсқа қарсы шығады.

Сондай-ақ 16 тамызда Чикагода өтетін UFC 319 турнирін орта салмақтағы чемпион Дрикус Дю Плесси мен Хамзат Чимаев арасындағы титулдық жекпе-жек бастайды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie