UFC 315: Джек Делла Маддалена чемпион атанды, Шавкат Рахмонов титулды жекпе-жекке бір қадам жақын


Канададағы Монреаль қаласында UFC 315 турнирі өтті.
Кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жек болды.
Чемпион Белал Мұхаммад алғаш рет чемпиондық белбеуін қорғауға шықты. Оның қарсыласы - австралиялық файтер Джек Делла Маддалена болды.
Бес раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен аяқталып, жеңіс Маддаленаға бұйырды. Осылайша, ол UFC чемпионы атанды. Белал Мұхаммад үшін бұл кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңіліс болды (24 жеңіс және бір нәтиже тіркелмеген жекпе-жек). Ал жаңа чемпионның еншісінде 17 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.
Бұл нәтиже жартылай орта салмақтағы күштер балансын өзгертіп жіберді. Бұл дивизионда чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі - жеңіліс көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0). Бастапқыда дәл осы Шавкат Белал Мұхаммадпен титул үшін жекпе-жекке шығуы керек болатын, бірақ жарақатына байланысты бұл мүмкіндіктен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі таңда «Номад» рейтингте екінші орында тұр және жақын арада чемпиондық айқасқа шығуға жақсы мүмкіндікке ие.
Ал турнирдің қосалқы басты жекпе-жегінде Валентина Шевченко жеңіл салмақта чемпиондық атағын сәтті қорғап, француз файтері Манон Фиороға қарсы жеңіске жетті.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11