UFC президенті Джон Джонстың Аспиналмен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді


UFC президенті Дана Уайт Джон Джонстың Том Аспиналмен жекпе-жегіне қатысты тараған сыбыстарға түсініктеме берді. ESPN басылымы таратқан Джим Роумның шоуында сөйлеген Уайт Джонстың әрдайым кез келген қарсыласқа дайын болғанын айтты.
«Джон Джонспен алғашқы күннен бері жұмыс істеу қызықты болды. Егер ол қарсыластардан қашып жүрсе, мен оны ешқашан ұлы деп атамас едім. Ол ешқашан «мына қарсыласпен шыққым келмейді» немесе «бұл жекпе-жек маған сәйкес емес» деп айтқан емес», – деді UFC президенті.
Айта кетейік, Джон Джонс октагонға соңғы рет 2024 жылдың қарашасында шыққан. Ол кезде америкалық спортшы UFC-дің бұрынғы ауыр салмақтағы чемпионы Стипе Миочичті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Марк Хант: Джон Джонсты барлық уақыттың ең үлкен алаяғы деп санаймын.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11