locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Марк Хант: Джон Джонсты барлық уақыттың ең үлкен алаяғы деп санаймын

Жаңа зеландиялық ардагер UFC мен чемпионды қатты сынға алды
Марк Хант: Джон Джонсты барлық уақыттың ең үлкен алаяғы деп санаймын
ФОТО: Getty Images

Ауыр салмақтағы UFC ардагері Марк Хант спорттағы әділетсіздікке қарсы күресті жалғастыруда. Sherdog порталына берген сұхбатында ол қазіргі ауыр салмақтағы UFC чемпионы Джон Джонсты өткір сынның астына алды.

«Джон Джонс – тарихтағы ең үлкен алаяқ. Ол тек осы жолмен ғана шыңға жетті. Сол арқылы мен секілділермен бір рингке шығуға мүмкіндік алды. Ол ешқашан адал спортшы болған емес. Егер сен өзіңе бірнәрсе салып, USADA-дан тығылып жүрсең, қалайша сені әлемнің үздігі деуге болады? UFC алаяқтарды және жеңіл жол іздейтіндерді Даңқ залына енгізеді. Егер сені допингпен ұстаған болса – бәрі бітті. Жетістіктерің мен чемпиондық белбеулерің еш мәнге ие емес», – деді Хант.

Айта кетейік, Марк Хант – аралас жекпе-жек және кикбоксинг әлемінде аты шыққан спортшы. Ол бұған дейін бірнеше рет UFC-ге қарсы сотқа жүгінген және допинг қолданатын қарсыластарына қатысты өз наразылығын ашық білдіріп келеді.

Атлантадағы UFC on ESPN 69: Усманның оралуы және турнирдің толық нәтижелері.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie