UFC файтері неге Қырғызстаннан бас тартқанын түсіндірді
UFC ұйымының жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингте 11-орында тұрған және қазіргі таңда Әзербайжан атынан өнер көрсететін Рафаэль Физиев Қырғызстан атынан неге енді шықпайтынын түсіндірді. Бұл туралы файтер SHMS AUTO GROUP YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
«Қырғызстанда діни негіздегі дүрбелең басталды. Мен ұстанатын бағытты, мені муфтият дұрыс түсінбей, бейәдеп пікір айтты. Содан кейін сауатсыз фанаттар мыңдап жабысып, қорқынышты хейтке ұшырадым. Ең сорақысы – бұл хейтке ешкім қарсы шықпады. Менің адресіме айтылғандардың талайы үшін қылмыстық іс қозғауға болатын еді. Бірақ құқық қорғау органдары мән бермеді, қоғам үнсіз қалды. Ондайда ойланасың: демек, бұл менің үйім емес шығар. Мен сонда кеттім – өзімнің тарихи отаныма, мен секілділер тұратын жерге. Осылай шешім қабылдадым», – деді Физиев.
Айта кетейік, бұған дейін файтер алты бірдей қарсыластың онымен кездесуден бас тартқанын мәлімдеген болатын. Соның салдарынан ол Джастин Гэтжимен қысқа мерзімде келісіп, октагонға шыққан.
UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық файтер қарсылас табу қиынға соғып жатқанын айтты.