locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық файтер қарсылас табу қиынға соғып жатқанын айтты

Рафаэль Физиевтің сөзінше, алты спортшы октагонға шығудан бас тартқан
UFC-де бақ сынап жүрген қазақстандық файтер қарсылас табу қиынға соғып жатқанын айтты
ФОТО: Getty Images

UFC жеңіл салмағында өнер көрсететін, тегі қазақстандық, қазіргі таңда Әзірбайжан атынан шығатын файтер Рафаэль Физиев өзіне қарсылас табу қиын болып жатқанын жеткізді. Бұл туралы ол SHMS AUTO GROUP YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Физиевтің айтуынша, бірден алты қарсылас онымен кездесуден бас тартқан. Осы себепті ол Джастин Гэтжимен қысқа мерзімде келісіп жекпе-жек өткізген.

«UFC-де жүргеніме алты жыл болды. Осы аралықта үш рет операция жасаттым, соның кесірінен екі жылдан астам уақыт рингке шықпадым. Ал қалған уақыт бойы қарсылас таба алмадық. Неге мен Гэтжимен қысқа мерзімде келісіп шықтым? Себебі тамыздан бері жекпе-жек күтіп жүрдім! Алты қарсылас бас тартты. Бірінің белі, енді бірінің құлағы ауырады… Қазір тіпті қиындап кетті – мен қауіпті қарсылас саналамын. Иә, қағаз жүзінде менде үш жеңіліс. Екеуі – «Кештің үздік жекпе-жегі», біреуінде жарақат алып қалдым. Бірақ мен оны жеңер едім деп сенемін. Енді қарсыластар ойланады: «Үш рет жеңілгенмен кездесіп, жеңілсем – одан не ұтам?» Шын мәнінде, олар қорқады. Рингке шықпай жатып-ақ қорқады», – деді Физиев.

Айта кетейік, Рафаэль Физиев ММА-де 16 жекпе-жек өткізіп, оның 12-сінде жеңіске жеткен.

Атлантадағы UFC турнирі: кештің үздік файтерлері мен сыйақы иегерлері анықталды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie