locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

UFC 319 турнирінің қатысушылары белгілі болды: Нурсултон Рузибоев Брайан Баттлмен кездеседі

Турнирдің алдын-ала кардының жұптары белгілі болды
ММА
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
UFC 319 турнирінің қатысушылары белгілі болды: Нұрсұлтан Рузибоев Брайан Баттлмен кездеседі
ФОТО: Getty Images

16 тамызда Чикагода (Иллинойс, АҚШ) өтетін UFC 319 турнирінің жекпе-жектерінің тізімі ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Кештің басты жекпе-жегі орта салмақтағы чемпиондық белбеудің қазіргі иегері оңтүстік африкалық Дрикус дю Плесси (23-2) мен БАӘ үшін жұдырықтасатын Хамзат Чимаев (14-0) арасындағы жекпе-жек болмақ.

Сондай-ақ тағы бір орта салмақта кездесу өтеді - октагонда Майкл Пейдж (23-3) мен Джаред Канноньер (18-8) күш сынасады.

Өзбек файтері Нурсултон Рузибоев (36-9-2) нөмірлі турнирде дебют жасайды - оның қарсыласы америкалық Брайан Баттл (13-2) болмақ.

Өзбекстандықтың соңғы жекпе-жегі 18 мамырда UFC Fight Night 256 турнирінде Дастин Стольцфусқа (13-7) қарсы өтті. Рузибоев америкалықты төрешілердің бірауыз шешімімен ұтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie