Нурсултон Рузибоев UFC Fight Night 256 турнирінде америкалық қарсыласын жеңді
ФОТО: Getty Images
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 256 турнирінде өзбекстандық Нурсултон Рузибоев америкалық Дастин Штольцфуспен жекпе-жек өткізді.
Үш раундқа жоспарланған кездесу толық өтті. Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Рузибоевқа берді.
Осылайша Нурсултон кәсіби мансабындағы 36-шы жеңісіне қол жеткізді (тоғыз жеңіліс). Ал Штольцфус үшін бұл мансабындағы жетінші жеңіліс болды.
Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде эквадорлық Майкл Моралес бразилиялық Гилберт Бернсты бірінші раундта нокаутпен жеңді.