locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Төрешілер басқаша ойлапты». Мақсұм UFC-дегі даулы жеңілісіне пікір білдірді

«Төрешілер басқаша ойлапты». Мақсұм UFC-дегі даулы жеңілісіне пікір білдірді
ФОТО: Getty images

Қазақстандық UFC файтері Азат Мақсұм (15-2) ресейлік Тагир Уланбековпен (17-2) болған жекпе-жектен кейін алғаш рет пікір білдірді. Ол өз ойымен бөлісіп, төрешілер шешімімен келіспейтінін аңғартты.

«Жекпе-жек аяқталған кезде өзімді жеңдім деп есептедім. Бірақ ең болмағанда тең есеп береді деп күттім. Төрешілер басқаша ойлапты»,-деді Мақсұм «Ушатайка» YouTube арнасына берген сұқбатында

Азаттың айтуынша, қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы ерекше сезілді:

«Иә, пікірлерді оқыдым. Қазақтар әрқашан жанын салып қолдайды! Біздің жанкүйерлер - ең эмоциялы, ең сенімді».

Айта кетейік, жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Тагир Уланбековтің жеңісімен аяқталды. Дагестандық спортшы кездесудің көп бөлігінде бастаманы өз қолында ұстап, Мақсұмға өз стилін көрсетуге мүмкіндік бермеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie