locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тарих жеңіссіз басталды: Азат Мақсұм Әзірбайжандағы алғашқы UFC турнирінде жеңілді

Азат Мақсұм Бакудегі тарихи турнирде Тагир Уланбековке есе жіберді
Тарих жеңіссіз басталды: Азат Мақсұм Әзірбайжандағы алғашқы UFC турнирінде жеңілді
ФОТО: Getty images

21 маусым күні Баку қаласында UFC тарихындағы айтулы оқиға орын алды – ұйым тұңғыш рет Әзербайжан жерінде турнир өткізді. Бұл кештің басты назар аударылған жекпе-жектерінің бірі аса жеңіл салмақтағы қазақстандық Азат Мақсұм мен ресейлік Тагир Уланбеков арасындағы кездесу болды.

Үш раундқа есептелген жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен Уланбековтің пайдасына аяқталды. Дагестандық файтер тәжірибесі мен тактикалық артықшылығын ұтымды пайдаланып, Мақсұмға өз ойынын жүргізуге мүмкіндік берген жоқ. Қазылар есептері де мұны нақты растады - Тагир жекпе-жек бойы үстем болды.

Бұл жеңіс Уланбеков үшін кәсіби мансабындағы 17-ші жеңіс болса, Азат Мақсұм үшін екінші жеңіліс болып тіркелді. Қазақстандық спортшының жалпы рекорды 17 жеңіс және 2 жеңілістен тұрса, UFC-дегі көрсеткіші – 1 жеңіс пен 2 жеңіліс.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie