locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Трамп UFC жекпе-жегін Ақ үйде өткізуді ұсынды

АҚШ Президенті 2026 жылғы мерекелік жоспарларымен бөлісті
Трамп UFC жекпе-жегін Ақ үйде өткізуді ұсынды
ФОТО: Getty Images

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2026 жылы АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығына арналған іс-шаралар аясында UFC турнирін Ақ үй аумағында өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Айова штатындағы сөзінде айтты.

«Мен UFC жекпе-жегін де ұйымдастырғымыз келеді деп ойлаймын. Арамызда UFC-ді қарайтындар бар ма?» – деді Трамп жиналғандарға.

Ол сонымен қатар UFC президенті Дана Уайтпен келісім жайында айтып, чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырылуы мүмкін екенін айтты. Президенттің айтуынша, Ақ үйдің аумағында 20–25 мың көрермен жиналуы ықтимал.

Алайда Трамп нақты кімнің қатысатынын және қай күні өтетінін нақтыламады.

UFC-дің бұрынғы чемпионы Шымкентке келеді: Стерлинг Ержан Естановпен жекпе-жек өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie