Топурия мен Волкановскидің реваншы сәуірде UFC 314 турнирін бастайды
Қазіргі UFC чемпионы Илия Топурия (16-0) мен бұрынғы белбеу иегері Александр Волкановский (26-4) арасындағы реванштың егжей-тегжейлері белгілі болды.
CBS спорт редакторы Рубен Картер твиттердегі парақшасында жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу 12 сәуірде Майамиде (АҚШ, Флорида) өтетін UFC 314 турнирін бастайды деп жазды.
Еске салайық, алғашқы жекпе-жек 2024 жылдың ақпан айында өткен болатын. Сол кезде Илья Топурия екінші раундта Александр Волкановскиді нокаутқа түсіріп, жеңіл салмақтағы UFC-дің жаңа чемпионы атанды. Осыдан кейін, қазан айында Топурия жеңіл салмақтағы тағы бір бұрынғы UFC чемпионы Макс Холлоуэйді (26-8) нокаутқа түсірді.
Ал Волкановский жеңілгеннен кейін сегізбұрышқа әлі оралған жоқ.
Умар Нурмагомедов Двалишвилиден жеңілгеннен кейін алты айға жекпе-жектерден шеттетілді