Топурия – Гэтжи жекпе-жегін қайдан көруге болады
15 маусым күні Вашингтонда UFC Freedom 250 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде грузиялық чемпион Илия Топурия америкалық Джастин Гэтжимен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл турнир аралас жекпе-жек тарихындағы ерекше оқиға болмақ. Себебі алғаш рет кәсіби UFC турнирі АҚШ президентінің ресми резиденциясы - Ақ үйдің аумағында ұйымдастырылады.
Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңілістің не екенін білмейтін Илия Топурия октагонға Джастин Гэтжиге қарсы шығады. Грузиялық файтердің еншісінде 17 жеңіс болса, америкалық спортшының рекорды - 27 жеңіс және бес жеңіліс.
Илия Топурия соңғы рет 2025 жылдың маусым айында октагонға шықты. Ол бұрынғы чемпион Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жанкүйерлерді тәнті еткен болатын.
- Жекпе-жектің барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады
Ал Джастин Гэтжи соңғы кездесуін 2026 жылдың 24 қаңтарында UFC 324 турнирінде өткізді. Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ол Пэдди Пимблетті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Жекпе-жекті қайдан көруге болады?
UFC Freedom 250 турнирі 15 маусым күні өтеді. Топурия мен Гэтжи арасындағы басты жекпе-жек Астана уақытымен шамамен 08:00-де басталады. Тікелей трансляция UFC ұйымының ресми сайтында көрсетіледі.
