locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Токовпен жекпе-жек бәріне қызық» — Исмагулов RCC-де жеңіл салмақта бақ сынауға дайын

UFC-ден кеткен қазақстандық файтер ресейлік лигада кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
«Токовпен жекпе-жек бәріне қызық» — Исмагулов RCC-де жеңіл салмақта бақ сынауға дайын
ФОТО: ufc.com

Жеңіл салмақта UFC-де өнер көрсеткен Дамир Исмагулов Betonmobile басылымына берген сұхбатында RCC лигасымен келісімшартқа отыру мүмкіндігін сөз етті. Ол Владимир Токовпен кездесу өткізуге мүдделі екенін жасырмады. Сонымен қатар, Милсон Кастроны да ықтимал қарсылас ретінде атады.

«RCC-де жеңіл салмақта Владимир Токов бар. Ол бұған дейін Bellator-да төбелескен, RCC-де Нагибинді жеңген. Осы Токов маған қызық, онымен жекпе-жекке шығуға дайынмын. Бірақ ойымша, Токов бұл жекпе-жектен бас тартуы мүмкін. RCC-де Токовтан бөлек Милсон Кастро да бар. Бұл – осал емес спортшылар. Біз тамаша шоу жасайтын едік. Бірақ олардың өз жоспары, өз жігіттері бар. Мүмкін, RCC менің бұл жігіттерді жеңгенімді қаламайтын шығар. Қалай десек те, Токовпен менің жекпе-жегім бәріне қызық. RCC басшылығы осы туралы ойланғаны жөн. Николай Клименко қызықты жекпе-жектер жасайды. Мүмкін, хабарласып, осыны талқылайтын шығармыз. Маған Токовпен жекпе-жек өте қызықты», — деді Дамир Исмагулов сұхбатында.

Исмагулов UFC-дегі мансабын 2023 жылы аяқтаған болатын. Қазіргі таңда ол жаңа лига іздеп, спорттағы жолын жалғастыруға дайын.

Қыркүйекте жекпе-жек өткізуі мүмкін – Прохазка Анкалаевпен шайқасуға ниетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie