Қыркүйекте жекпе-жек өткізуі мүмкін – Прохазка Анкалаевпен шайқасуға ниетті
UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Иржи Прохазка ресейлік полутяж салмақтағы чемпион Магомед Анкалаевпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Full Violence басылымына берген сұхбатында айтты.
«Тамыз, қазан – сол маңайда. Менің ойымша, Перейра Анкалаевпен кездеспейді. Сондықтан менеджерім Магомедпен жекпе-жек ұйымдастыруға тырысып жатыр. Егер Перейра рингке шықса, мен басқа біреумен жұдырықтасамын. Бірақ бәрібір Анкалаев – менің басты нысанам», – деді Прохазка.
Еске салайық, бұған дейін қос файтердің арасында әлеуметтік желіде қақтығыс туған болатын. Чех спортшысы жазда өтетін жекпе-жектен бас тартып, университеттегі емтиханға дайындалып жүргенін алға тартқан. Ал Анкалаев оны «ботаник» деп мазақтаған еді. Прохазка болса, күзден ерте октагонға шықпайтынын нақты айтқан.
Перейра Анкалаевпен реваншқа келісім берді – жекпе-жек жыл соңына дейін өтеді.