locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Шавкаттың қашан оралатыны белгісіз». Белал Мухаммад дивизиондағы жағдай туралы

«Шавкаттың қашан оралатыны белгісіз».  Белал Мухаммад дивизиондағы жағдай туралы
ФОТО: Getty images

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад ирландиялық Иэн Мачадо Гэрридің белсенді түрде титулдық жекпе-жекке ұмтылып жүргеніне пікір білдірді. Гэрри 11 мамырда Монреалда өтетін UFC 315 турнирінде Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы кездесуге қосалқы файтер ретінде бекітілді.

Белалдың пікірінше, қазіргі белгісіз жағдайда Гэрри тек үміткерлер тізіміндегі орнын сақтап қалуға тырысып жүр.

«Ол шынымен де барын салып жатыр, әсіресе қазір – жартылай орта салмақта нақты бір үміткер жоқ. Шавкаттың қашан оралатыны белгісіз. Шон Брэди Леон Эдвардспен жекпе-жекте жақсы қырынан көрінді. Камару мен Бакли де титулға жақындап қалды – олар жақында кездеседі. Меніңше, Иэн өзін үміткерлердің қатарында қалдыру үшін, қажет болған жағдайда орнын басуға дайын екенін көрсетуге тырысып жүр. Бірақ UFC кімге мүмкіндік беретіні белгісіз. Егер Камару жеңіске жетсе, менің ойымша, ол кезектен тыс титулдық мүмкіндік алуы мүмкін»,-деді Мухаммад.

Бастапқыда Белал Мухаммадтың қарсыласы жеңіліс көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов болуы тиіс еді. Алайда жарақатына байланысты ол жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Соған қарамастан, Рахмонов титул үшін күрестегі басты үміткерлердің бірі болып қала береді. Оның октагонға оралуы дивизиондағы күш тепе-теңдігін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Бұл уақытта Иэн Гэрри өзіне титулдық мүмкіндік берілуі тиіс деп есептейді. Бұған дейінгі сұқбаттарында ол алдымен Мухаммадты жеңіп, кейін белбеуді Ислам Махачевке қарсы (егер ол жартылай орта салмаққа өтсе) қорғайтынын, ал одан соң 2024 жылдың желтоқсанында ұтылған Шавкатпен реванш өткізгісі келетінін айтқан.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie