Сен-Пьер Махачевке салмақ ауыстыруға қатысты кеңес берді


UFC-дің бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьер Ислам Махачевтің жеңіл салмақтағы белбеуінен бас тартып, жартылай орта дивизионға өткеніне пікір білдірді. Ол Ариэль Хельваниға берген сұхбатында ресейлік файтерге ағзаны шаршатпауға кеңес берді.
«Исламның табиғи салмағы қандай екенін білмеймін. Бірақ оған бір кеңес айтқым келеді. Мен Майкл Биспингпен жекпе-жекке шығар алдында жасаған қатемді қайталама. Салмақ қосу үшін ағзамды қинап, ауыр диетаға отырдым. Салдарынан өзімді нашар сезіне бастадым. Табиғи жолмен салмақ қосу өте қиын. Өзімді мәжбүрлеп, күніне бес рет тамақтанып жүрдім — бұл ағзама кері әсерін тигізді. Сол себепті, салмақ қосуды көздеген спортшыларға айтарым — өзіңізді тамаққа қинамаңыз. Ең алдымен, шеберлікке ден қойыңыз», — деді Сен-Пьер Ариэль Хельваниға берген сұхбатында.
Жорж Сен-Пьер ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, 26 рет жеңіске жеткен. Ислам Махачевтің есебінде 28 кездесудің 27-сінде жеңіс бар. Ол енді жартылай орта салмақта алғаш рет октагонға шығуға дайындалуда.
Дана Уайт: Топурия – Махачев жекпе-жегіне әлі ерте.

Бокс
Бүгін 17:10

Бокс
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 12:07