Дана Уайт: Топурия – Махачев жекпе-жегіне әлі ерте
UFC президенті Дана Уайт Илия Топурия мен Ислам Махачев арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы пікір білдірді.
«Илия жаңа салмақ дәрежесіне енді ғана ауысты. Ал біз қазірдің өзінде 77 келі туралы айтып отырмыз ба? Әуелі оның келесі жекпе-жегіне қарайық. Сондай-ақ Исламның да нәтижесін күтейік. Бірақ екеуі де бұл кездесуді қалайды – бұл анық», – деді Уайт MMAJunkie басылымына.
Айта кетейік, Ислам Махачев жеңіл салмақтағы белбеуінен бас тартып, жартылай орта салмақ санатындағы Джек Делла Маддаленаға қарсы айқасуға бел буған.
Ал Илия Топурия 28 маусымда Лас-Вегаста UFC жеңіл салмағындағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін Чарльз Оливейрамен кездеседі.
«Оливейраны жеңемін, сосын Исламды жекпе-жекке шығуға шақырамын». Илия Топурия Махачевтің салмақ дәрежесін ауыстыруы жайлы.