locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рафаэль Физиев: 66 келіге түсуге дәрігерлер кеңес бермейді

Қазақстанда туған UFC жұлдызы Бакудегі турнир алдында мәлімдеме жасап, қызықты жекпе-жек уәде етті
Рафаэль Физиев: 66 келіге түсуге дәрігерлер кеңес бермейді
ФОТО: Getty Images

Қазақстанда дүниеге келген, қазіргі таңда Әзербайжан атынан UFC-де өнер көрсетіп жүрген Рафаэль Физиев Бакуде өтетін турнир қарсаңында салмақ түсірмейтінін мәлімдеді.

«Салмақ тастамаймын. Дәрігерлер маған 66 келіге дейін арықтап жекпе-жекке шығуға кеңес бермеді», — деді Физиев.

Жеңіл салмақта (70 келі) өнер көрсететін спортшы алдағы айқасқа қатысты нақты ештеңе айтпайтынын, бірақ жанкүйерлер үшін барын салатынын жеткізді:

«Жанкүйерлер үшін барлығыма дайынмын. Қанымда кавказдық мінез болғандықтан, айқассыз өтпейді деп ойлаймын. Сондықтан алда өте қызықты жекпе-жек күтіп тұр деп айта аламын».

Айта кетейік, Рафаэль Физиев 21 маусым күні Бакуде өтетін UFC турнирінде чилилік Игнасио Бахамондеспен айқасады.

UFC файтері неге Қырғызстаннан бас тартқанын түсіндірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie