locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ол Қазақстанға қашып кетті». UFC жауынгері Шавкат Рахмоновқа қайта шүйлікті

Бакли Шавкатқа тағы тиісіп, оның азаматтығы туралы сөз қозғады
«Ол Қазақстанға қашып кетті». UFC жауынгері Шавкат Рахмоновқа қайта шүйлікті
ФОТО: Getty images

UFC жауынгері Хоакин Бакли Шавкат Рахмонов төңірегіндегі дау-дамайды әдейі ушықтырып отыр. Бұл жолы америкалық спортшы қазақстандық файтердің шыққан тегі мен азаматтығына қатысты даулы мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілердегі сын-пікірлерден кейін Бакли өз сөзін «түсіндіруге» тырысып, тағы да Өзбекстан тақырыбына оралды. Оның айтуынша, Шавкаттың өмірбаяны көпшілікке бұрыннан белгілі, ал ұлттық тиесілігі жайлы әңгімелер кездейсоқ емес.

«Маған үнемі өзбектер «Шавкат біздікі емес» деп жазуда. Бірақ ол сол жерде дүниеге келген ғой. Ол Өзбекстанда туған, кейін Қазақстанға көшті. Мен бұл тарихты бұрыннан естігенмін. Қалай болғанда да, ол асығыс түрде Қазақстанға кетіп, содан бері сол елдің туын қорғап жүр. Бірақ туған жері - Өзбекстан» - деді Бакли.

Бұл арада Шавкат Рахмонов өзі бұл пікірталасқа араласқан жоқ. Қазақстандық спортшы UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орнын сақтап отыр. Бір жылға жуық уақыт бойы октагонға шықпаса да, ол әлі де чемпиондық белбеуге басты үміткерлердің бірі саналады.

Бұған дейін Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров Шавкаттың октагонға оралуы келесі жылдың көктеміне жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie