locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Майкл Моралес UFC турнирінің басты жекпе-жегінде Бернсты нокаутпен жеңді

ФОТО: Getty Images

17-18 мамырға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 256 турнирінде эквадорлық Майкл Моралес пен тәжірибелі бразилиялық Гилберт Бернс арасындағы басты жекпе-жек өтті.

Жекпе-жек алғашқы раундта-ақ аяқталды: Моралес қарсыласын 3 минут 39 секундта нокаутқа жіберді. Бұл 25 жастағы спортшының кәсіби мансабындағы 18-ші және UFC-дегі 6-шы жеңісі. Ол әлі жеңілмеген файтерлер қатарында.

38 жастағы Бернс бұл жолы мансабындағы тоғызыншы жеңіліске ұшырады. Айта кетсек, Моралес бұған дейін 2024 жылдың тамызында Нил Мэгниді техникалық нокаутпен жеңген. Ал Бернс сол жылы қыркүйекте Шон Брэдиге төрешілер шешімімен жол берген болатын.

UFC президенті Дана Уайт Конор Макгрегордың жақын арада октагонға оралмайтынын мәлімдеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie