locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нурмагомедов командасымен болған жаппай төбелеске қатысқан спортшы UFC-дің бұрынғы жұлдызын жеңді

Грузиялық балуан Саба Лазишвили Real American Freestyle лигасындағы дебютін сәтті өткізіп, америкалық Юрайя Фейберді жеңді
ММА
Нурмагомедов командасымен болған жаппай төбелеске қатысқан спортшы UFC-дің бұрынғы жұлдызын жеңді
@rafwrestlingusa

Грузиялық спортшы Саба Лазишвили Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында өткен RAF Abu Dhabi еркін күрес турнирінде UFC-дің бұрынғы жауынгері Юрайя Фейберді жеңді. Белдесу грузиялық балуанның пайдасына 12:7 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Лазишвили мен Фейбер жеңіл салмақта кездесті. Жекпе-жек Crossover форматында өтті. Бұл формат аралас жекпе-жектегі өнерімен де танымал спортшылардың қатысуын көздейді. Грузиялық балуан 12 ұпай жинаса, америкалық қарсыласы жеті ұпаймен шектелді. Осылайша, Лазишвили ұйымдағы дебюттік белдесуінде жеңіске жетіп, Real American Freestyle лигасындағы өнерін сәтті бастады. Ал Юрайя Фейбер лигадағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Америкалық әлі күнге дейін RAF-та бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ, енді оның рекорды — 0-3.

Грузиялық спортшының өнеріне қызығушылық танытудың себебі оның танымал америкалық балуанмен белдесуімен ғана шектелмеді. Турнирге бірнеше күн қалғанда Лазишвили Мераб Двалишвили, ресейлік жауынгер Усман Нурмагомедов және оның командасының өкілдері де араласқан жанжалға қатысты. Бұған дейін тараған ақпаратқа сәйкес, 11 қарашада Абу-Дабиде спортшылар арасында жаппай төбелес болған. Лазишвили отандасы Двалишвилиді жақтап, жанжалға араласқаны хабарланды. RAF Abu Dhabi турниріндегі жарыстарға дайындық жүріп жатқан шақта бұл оқиға кеңінен талқыланды.

Айта кетерлігі, Мераб Двалишвили де Абу-Дабидегі турнирде өнер көрсетті. Грузиялық жауынгер бразилиялық Марлон Мораеспен кездесіп, бірінші раундта-ақ тушеге түсіру арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Бұл Двалишвилидің Real American Freestyle лигасындағы үшінші жеңісі болды.

Осылайша, жуырдағы төбелеске қатысы аталған екі грузиялық спортшы да RAF Abu Dhabi турниріндегі өнерін жеңіспен аяқтады.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie