locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Неліктен Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадпен өтетін титулдық жекпе - жектен бас тартты?

Неліктен Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадпен өтетін титулдық жекпе - жектен бас тартты?
ФОТО: gettyimages.com

Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров UFC ұйымының жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммедпен жекпе-жектен бас тарту шешімін түсіндірді.

UFC ресми түрде UFC 315 турнирінде, 11 мамыр күні Канададағы Монреаль қаласында Белал Мұхаммедтің Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізетінін жариялады.

“Біз тәуекелге барғымыз келмеді. Шавкат әлі толық емделіп үлгермеді, әрі бұл кезеңде Рамазан айы келеді. Мамырға дайындалып үлгеру мүмкін емес еді. Егер жекпе-жек жазда өткізілсе, біз толықтай дайын болар едік. Бірақ мамыр айында тәуекел етуге болмайды. Шавкат чемпиондық айқасқа 100% дайындықпен шығуы керек. Қазірден қауіпке барудың қажеті жоқ. Қалай болғанда да, чемпиондық жекпе-жекті аламыз", – деді Базров Спорт Шредингерге берген сұхбатында.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie