Шавкат титулдық жекпе жекке қатыспайды: Белал өзіне жаңа қарсылас тапты
ФОТО: gettyimages.com
UFC 315 турнирi 10 мамырда Монреаль қаласында өтеді, және бұл кеште екі титулдық айқас жоспарланған.
UFC президенті Дана Уайт Instagram парақшасында турнирдің басты оқиғасын жариялады. Жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммад (24-3, 1 NC) өз белбеуін австралиялық Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы қорғайтын болады.
Алғашында Белалдың қарсыласы қазақстандық Шавкат Рахмонов болуы тиіс еді. Алайда, жарақатына байланысты Рахмонов бұл жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.
Джек Делла Маддалена бастапқыда UFC London-да Леон Эдвардспен кездесуі керек еді. Бірақ жоспарлар өзгеріп, ол өзінің алғашқы титулдық мүмкіндігін алды. Австралиялықтың қазіргі уақытта қатарынан 17 жеңісі бар, оның ішінде UFC-дегі жеті жекпе-жекте де жеңіске жеткен.