Мухаммад МОКАЕВ: \"Асу үшін бес раундтық шайқас қиын болады\"
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев 1 наурызда Лас-Вегаста UFC-дегі кезекті жегін өткізеді. Осы орайда дағыстандық танымал файтер Мухаммад Мокаев Асудың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Оның пікірінше, АҚШ-қа Таиландтан келген кезде адам ағзасы ұзақ уақыт қалыпқа келе алмайды. Ал, октагонда ауыртпалық тіпті қатты сезіледі екен.
"Мен Асу үшін алаңдап отырмын. Ол бес раундтық жекпе-жекке дайындалған жоқ. Егер қателеспесем, ол – UFC кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін алғашқы қазақ. Мен де Таиландтағы оқу-жаттығудан кейін Вегасқа келіп төбелескенмін, ағзаның қалыпқа келуі өте қиын, қатты қиналдым. Ақыры стафилококк анықталды. Сондықтан, Асуға бұл жекпе-жек өте қиын болатынын білем", - деді Мокаев.
Еске салайық, Асу Алмабаев UFC-дегі кезекті жекпе-жегін 1 наурызда Лас-Вегаста португалиялық Манель Капеге қарсы өткізеді.
Ұзақ үзілістен кейін Азат Мақсұм октоганға қайта шығуға дайын