locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дана Уайт: Конор Макгрегор жақын арада октагонға оралмайды

ММА
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Дана Уайт: Конор Макгрегор жақын арада октагонға оралмайды
ФОТО: Getty Images

UFC президенті Дана Уайт Конор Макгрегордың аралас жекпе-жекке қайта оралуы туралы қауесеттерге нүкте қойды.

Оның айтуынша, ирландиялық жұлдыз жақын уақытта октагонға шығуды жоспарлап отырған жоқ, бұған дейінгі мәлімдемелеріне қарамастан.

– «Қазіргі уақытта Конордың қайтып келу жоспары жоқ. Біз бұл тақырыпта мүлде сөйлескен жоқпыз», – деді Уайттың сөзін тілші Адам Глин келтіреді.

Айта кетейік, Конор Макгрегордың жасы 36-да. Ол соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде UFC 264 турнирінде октагонға шығып, Дастин Порьеге бірінші раундта аяқ жарақатының салдарынан техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Сол жекпе-жектен кейін Макгрегор MMA-де өнер көрсеткен жоқ.

Конор - UFC тарихындағы екі салмақ дәрежесінде (66 кг дейінгі жартылай жеңіл және 70 кг дейінгі жеңіл салмақ) чемпион атағын иеленген алғашқы спортшы. Оның кәсіби рекорды: 22 жеңіс және 6 жеңіліс.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie