Махачев Делла Маддаленаға қарсы айқас алдында соққы техникасын жетілдіруде
33 жастағы жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы Ислам Махачев жартылай орта салмақтағы чемпион Джек Делла Маддаленаға қарсы титулдық жекпе-жек қарсаңында өз соққы техникасын белсенді түрде шыңдап жатыр.
Оның жаттығу сәтінен түсірілген видео желіде жарияланып, жанкүйерлердің қызу талқылауына себеп болды.
Махачев октагонға соңғы рет 18 қаңтарда, Лос-Анджелестегі UFC 311 турнирінде шыққан болатын. Кештің басты айқасында ол Ренато Мойканоны бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы қатарынан 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Жалпы рекорды — 27 жеңіс (оның 18-і мерзімінен бұрын) және бар болғаны бір ғана жеңіліс, ал қазіргі жеңістер сериясы — 15 жекпе-жек қатарынан.
Бұған дейін Ислам Махачев мансабын аяқтауды ойластыратын шартты атаған болатын.