locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ислам Махачев мансабын аяқтау туралы ойланатын басты шартын атады

Спойлер: әзірге оның кетуіне алаңдаудың қажеті жоқ
ММА
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: BloodyElbow

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері, UFC чемпионы Ислам Махачев спорттан кетуі жасы емес, басқа факторға байланысты болатынын айтты.

Ол егер бір күні күш-қуатын жоғалтып, мотивация азайып, жаттығулар мен спаррингтерде деңгейі төмендесе, сол кезде ғана мансабын аяқтау туралы ойланатынын жеткізді.

«Шынын айтсам, егер қазір спортты тастасам, немен айналысамын? Үш-төрт ай демалып қалсам, менде қайтадан аштық пайда болады. Жай ғана залға кіріп, біреумен айқасқым келеді. Өмір бойы осы іспен айналыстым», — деп мойындады Махачев UDAR телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Шон Брэди Ислам Махачевтің жартылай орта салмаққа ауысуын ұнатпағанын айтқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie