locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Магомед Анкалаев Алекс Перейраны жеңіп, UFC жартылай ауыр салмағында чемпион атанды

Магомед Анкалаев Алекс Перейраны жеңіп, UFC жартылай ауыр салмағында чемпион атанды
ФОТО: gettyimages.com

Бүгін, 9 наурыз күні, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 313 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белдік үшін қазіргі титул иегері Алекс Перейра мен рейтингтің бірінші нөміріндегі үміткер Магомед Анкалаев кездесті. Бес раундқа созылған шайқаста ресейлік спортшы жеңіске жетті.

Жекпе-жек басында Перейра басымдық танытты. Бірінші раундта бразилиялық файтер қарсыласының алдыңғы аяғына жиі соққы жасап, дәлдігімен ерекшеленді (10-9, Перейра). Алайда екінші раундта Анкалаев қарқынын күшейтіп, тізгінді өз қолына алды – сол қолмен жасаған екі ауыр соққысы Перейраны теңселтіп жіберді, раунд соңында бразилиялықтың қимылы бәсеңдей түсті (10-9, Анкалаев, 19-19).

Үшінші раундта ресейлік файтер жекпе-жек барысын толық бақылауына алды. Ол қашықтықты жақсы сезініп, дәл джебтерімен қарсыласын мазалаумен болды. Раундтың соңына қарай жасаған бір соққысы Перейраны шайқалтып жіберді (10-9, Анкалаев, 29-28). Төртінші раундта Анкалаев басымдықты одан әрі күшейтіп, физикалық тұрғыдан үстемдік етті және қарсыласын торға тақап, қыспаққа алды (10-9, 39-37).

Соңғы бесінші раунд тең жағдайда өтті, бірақ Анкалаев алға ұмтылуын тоқтатпай, Перейраны шегінуге мәжбүрледі. Бразилиялықтың қауіпті хайкигіне қарамастан, Анкалаев сенімді түрде жеңіске жетті (10-9, 49-46).

Осылайша, Магомед Анкалаев UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы жаңа чемпионы атанды.

Бұл жеңістен кейін оның рекорды 21 жеңіс, 1 тең нәтиже және 1 жеңіліске жетті. Ал Перейраның көрсеткіші – 12 жеңіс пен 3 жеңіліс.

ФОТО: ESPN
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie