Куат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы жекпе-жек кейінге шегерілді
Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов (26-8-2) ресейлік Мариф Пираевпен (34-5-1) жекпе-жегі кейінге қалдырылғанын хабарлады.
Хамитов пен Пираев арасындағы кездесу 27 желтоқсанда Алматыда кәсіби бокс ережелері бойынша өтуі тиіс еді. Алайда қазақстандық спортшының жарақат алуына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
"Мен енді жарақатым бар кезде жекпе-жекке шыға алмаймын. Келесі жолы кездесеміз", - деп жазды "Найман" Instagram парақшасының сторисінде.
Айта кетейік, Куат Хамитовтың аралас жекпе-жектегі соңғы ресми кездесуі биыл мамыр айында өткен болатын. Ол кезде оның қарсыласы атақты ресейлік спортшы Александр Шлеменко (67-15-1) болды. Бұл жекпе-жекте Хамитов төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.
Футбол
Бүгін 03:13
Футбол
Бүгін 02:40
Хоккей
Бүгін 02:26